Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 15 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Киіз есік ашылып, шақыру шығады: waw.kz қазақ тойының шақыруын WhatsApp сілтемесіне сыйғызды • Нұрболхан Шарапов төрт қызына жеке үй алып беруді жоспарлап отыр • Асанәлі Әшімовке берілген астан видео тарады • Қазақстандық шахматшылар сеньорлар арасындағы әлем чемпионатында екі медаль алды • «Панда» Серик Мусадилов АҚШ-тағы өмірі мен рингке оралу жоспарын айтты • Қазақстандық шахматшылар 13 жылдан кейін әлем чемпионатында алтын мен қола алды • Киіз есік ашылып, шақыру шығады: waw.kz қазақ тойының шақыруын WhatsApp сілтемесіне сыйғызды • Нұрболхан Шарапов төрт қызына жеке үй алып беруді жоспарлап отыр • Асанәлі Әшімовке берілген астан видео тарады • Қазақстандық шахматшылар сеньорлар арасындағы әлем чемпионатында екі медаль алды • «Панда» Серик Мусадилов АҚШ-тағы өмірі мен рингке оралу жоспарын айтты • Қазақстандық шахматшылар 13 жылдан кейін әлем чемпионатында алтын мен қола алды •

    «Бұндай 20 жыл бұрын болған»: Алматы облысында түрмедегі әйел егіз босанды

    Алматы облысында жазасын өтеп жатқан әйел егіз босанды. Қос қызды дүниеге әкелген әйел сәбилерімен бірге түре ішіндегі балабақшада тұрып жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Әйел жазасын өтеу мекемесіне жүктіліктің 34 апталығында түскен. Сотталған ана сәбилерге Ольга және Зинаида деген есімдерді берді. Қос егізді қоса санағанда қазір Жауғашты түрмесінде дүниеге келген 34 сәби өмір сүріп жатыр. Олар 3 жасқа толғанша аналарымен бірге болады.

    «Мекеме әкімшілігі өз кезегінде ана мен сәбилерге қажетті заттармен, соның ішінде киімдер, балалар тамағы, жөргектермен қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта жас ана мен дүние есігін ашқан сәбилер мекеме ішіндегі  балалар қалашығына орналастырылды. Ана мен балалардың  денсаулығы жақсы, дәрігерлердің бақылауында. Түрмеде егіз табу соңғы рет 20 жыл бұрын болған. Ол кезде дүниеге келген егіздің бірі қыз, екіншісі ұл бала болатын», — деді Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Индира Төреханқызы.

    Сәбилер 2150 және 2400 гр салмақпен дүниеге келген. Небәрі 21 жасында сотталған жас әйелге ҚР ҚК 188 (ұрлық ) және 190 (алаяқтық) баптары бойынша айып тағылған. Қылмыстық атқару жүйесі Департаментіне қарасты №10 мекемесінде қазір 500 астам әйел жазаларын өтеп жатыр. Жазаға кесілгендердің ең жасы жиырмаға толмаған қыздар болса, қариясы 80 жастағы әже.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →