Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Үлкен Алматы айналма автожолында 9 көлік соқтығысып қалды (ВИДЕО)

    [Үлкен Алматы айналмалы автожолында 9 көлік соқтығысып, 3 ірі жол апаты болды. Зардап шеккен 4 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.

    Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде тарап жатыр. Видеода соқтығысқан бірнеше көлік көрсетілген. Олардың біреуі жанып кеткен.

    «Таңертең Үлкен Алматы айналма автожолында дүрбелең болып, көліктер өртеніп кетті, қоршауға соғылды. Куәгерлердің айтуынша, 15 көлік жол апатына ұшыраған», — делінген видео сипаттамасында.

    Алматы қалалық жол полициясы жол-көлік оқиғасы туралы ақпаратты растап, деректі нақтылады. Бұл ретте 15 емес, 9 көлік апатқа ұшыраған.

    11 наурызда таңертең Үлкен Алматы айналмалы автожолының 37-шақырымында 9 көлік соқтығысқан үш жол-көлік оқиғасы болды. Көліктердің соқтығысуына қалың тұман себеп болған деген болжам бар. Оқиға орнынан зардап шеккен 4 азамат медициналық мекемеке жеткізілді», — деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

    Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →