Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі • Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды • Ұлыбританияда 88 жастағы екі зейнеткер спортзалда танысып, бір-біріне ғашық болды • Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі • Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды • Ұлыбританияда 88 жастағы екі зейнеткер спортзалда танысып, бір-біріне ғашық болды •

    Алматы облысында соңғы екі айда 133 адамға қаңғыбас иттер шабуыл жасаған

    Алматы облысында соңғы екі айда 133 адамға қаңғыбас иттер шабуыл жасаған, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

    Былтыр қаңғыбас иттерді аулау бойынша 7 299 өтініш түскен. Жыл басынан бері тек  Қарасай ауданында 446 ит ауланған. Қараусыз жіберілген 27 ит иелеріне қайтарылды.

    «Жақында Қарасай ауданында қаңғыбас иттер туралы жарияланымға қатысты ветеринария басқармасы өзекті ақпаратты хабарлайды: «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңына және Алматы облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес қаңғыбас жануарлардың санын реттеу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде», -деп хабарлады Алматы облысының ветеринария басқармасы.

    Жуырда оқушының көзінше итті атып тастаған ветеринария саласы мамандарының әрекеті қызу талқыланған еді. Оқ тиген қаңғыбас иттің қансырап жатқанын көрген оқушы бақырып жылаған.

    «Ветеринария басқармасы облыс тұрғындарын жауапты болуға және үй жануарларын ұстау және серуендеу ережелерін сақтауға шақырады. Осы уақытқа дейін Ережелерді бұзғаны үшін жалпы сомасы 55 380 теңгеге айыппұл салынды. Басқарма жағдайды бақылау бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда. Өтініштер үшін ресми сайтта және басқарманың әлеуметтік желілерінде барлық өзекті телефон нөмірлері мен контактілер  қолжетімді», — делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →