Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Qnet қаржы пирамидасын ұйымдастырушыға халықаралық іздеу жарияланды

    Qnet қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды Qazaq.today

    Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2019-2022 жылдары Қызылорда қаласы мен Қызылорда облысының аумағында Qnet қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша 1990 жылы 11 қазанда туған Қазақстан Республикасының азаматы Жұбанаев Алмас Оразалыұлына іздеу жариялады. Оған қатысты «Қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы белгіленіп, халықаралық іздеу жарияланды.

    «Жұбанаев Алмас Оразалыұлы заңсыз қызметін іске асыру барысында Instagram әлеуметтік желісін пайдалану арқылы Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларынан адамдарды тартып, тренингтер және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген», – делінген ҚМА хабарламасында.

    Жәбірленушілердің жалпы саны – 59 адам, келтірілген залал сомасы – 63 млн 373 мың 356 теңге.

    Егер сіз іздеуде жүрген адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратты білсеңіз, мына телефондарға хабарлауға болады: 8-775-125-55-54; 8-701-527-10-45.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →