Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды • Ұлыбританияда 88 жастағы екі зейнеткер спортзалда танысып, бір-біріне ғашық болды • Нұрқожа Қайпанов бүгін Астанада әлем чемпионатының алтыны үшін күреседі • Қазақстан Кубогы: Алматы ерлері мен Қарағанды әйелдері жеңімпаз атанды • Қазақстандық жағажай волейболшылары Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасында екінші жеңіске жетті • Астанадағы Uly Dala Fest келушілері кезек пен концерттің кешігуіне шағымданды • Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды • Ұлыбританияда 88 жастағы екі зейнеткер спортзалда танысып, бір-біріне ғашық болды • Нұрқожа Қайпанов бүгін Астанада әлем чемпионатының алтыны үшін күреседі • Қазақстан Кубогы: Алматы ерлері мен Қарағанды әйелдері жеңімпаз атанды • Қазақстандық жағажай волейболшылары Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасында екінші жеңіске жетті • Астанадағы Uly Dala Fest келушілері кезек пен концерттің кешігуіне шағымданды •

    Астанада жаңадан салынған тұрғын үйден өрт шықты

    Фото: ТЖМ

    Астанада Төле би көшесіндегі 16-шы үйден өрт шықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді. Ведомство атап өткендей, тұрғын үйдің шатыры өртенген.

    «Сағат 14:05-те Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Төле би көшесі 16 мекенжайындағы жаңа ғимараттан түтін көрінгені туралы ақпарат түсті. Келген кезде жаңадан салынған 17 қабатты тұрғын үй кешенінің шатырында 10 шаршы метр аумақта шатыр материалы мен оқшаулағыш материал (минералды мақта) жанып жатқаны анықталды. Сағат 14.24-те өрт оқшауланып, сағат 14:29-да өрт толық сөндірілді. Өрттің алдын ала себебі — отпен жұмыс жасау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы», — делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →