Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 17 қазан 2026 $ 452,3↓€ 508,4↓₽ 5,48↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Түркістанда «Кітаппен кемелденген ұлт» дөңгелек үстелі өтті • Ұлттық ғылым академиясы 80 жылдығын атап өтті: Тоқаевтың құттықтауы оқылды • Тоқаев Камбоджаның ұзақмерзімді стратегиясын қолдайтынын мәлімдеді • Хун Манет Қазақстанмен энергетика мен электронды үкіметтегі ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті • Ақордада Камбоджа премьер-министрі Хун Манетті қарсы алу рәсімі өтті • Астанада Республика күніне орай 120-дан астам іс-шара өтеді • Түркістанда «Кітаппен кемелденген ұлт» дөңгелек үстелі өтті • Ұлттық ғылым академиясы 80 жылдығын атап өтті: Тоқаевтың құттықтауы оқылды • Тоқаев Камбоджаның ұзақмерзімді стратегиясын қолдайтынын мәлімдеді • Хун Манет Қазақстанмен энергетика мен электронды үкіметтегі ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті • Ақордада Камбоджа премьер-министрі Хун Манетті қарсы алу рәсімі өтті • Астанада Республика күніне орай 120-дан астам іс-шара өтеді •

    «Бұл – біздің жол емес»: Тоқаев мемлекеттік тілден саяси құрал жасайтындар туралы

    Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсім өтіп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. 

    «Қазақстан халқын ұйыстыратын тағы бір символ – Мемлекеттік тіл. Қазақ тілі мәңгілік мемлекеттік тіл тұғырында болады. Қазақ тілінің қолданыс аясын арттыра беру – мемлекеттің міндеті. Бұл жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді. Жақында мен «Өз тілің – бірлік үшін, өзге тілдер – тірлік үшін» деп айттым. Жастарымыз көп тіл білген сайын бәсекеге қабілетті, білікті маман болады. Тіл, ұлтаралық қатынас – ішкі тұрақтылыққа ықпал ететін өзара тығыз әрі маңызды факторлар. Сондықтан, мұндай маңызды мәселелерден саяси құрал жасауға болмайды. Осындай қоғамдық тұрғыдан сезімтал мәселелерді саясиландырудың кесірінен кейбір елдер қасіретті жағдайға ұшырады. Бұл – біздің жол емес», — деді Президент.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →