Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Мектеп директорларының жалақысы қайта қаралады

    Фото: Pixabay

    Еліміздің бас ұстазы Ғани Бейсембаев Қызылорда мен Жамбыл облыстары және Шымкент қаласы мектептерінің директорларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Диалог алаңында басшыларға білім беру сапасын арттыру бағытында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан міндеттер мен шаралар туралы айтылды. Атап айтқанда, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жайлы орта құру, цифрландыру, тиімді тәрбие жұмысын ұйымдастыру, инклюзивті білім беру және т.б. мәселелер сөз болды. Бұдан кейін кездесу TEDx форматында жалғасты. Оған Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысып, отандық білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттарына тоқталды, деп жазады BAQ.KZ.

    «Педагогтерді кәсіби дамыту жүйесі түбегейлі өзгеруде. Қазіргі тәжірибелі топ-менеджерлер «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге тағылымдамадан өтуге жіберілетін болады. Педагогтерді қолдау шаралары жалғасады. Осы жылдан бастап білім беру қызметкерлерін көтермелеу жүйесі, сондай-ақ білім беру ұйымдары басшылары мен олардың орынбасарларының жалақысы қайта қаралатын болады», — деді министр.

    Кездесуге барлығы 800-ге жуық мектеп, білім бөлімдері мен басқармаларының басшылары қатысты. Күні бойы олар менеджердің басқару құзыреттері, кадрлық әлеуетті дамыту, НҚА қабылдайтын және білім беру саласындағы маңызды басымдықтар бойынша тәжірибе алмасып, білім алды. Естеріңізге сала кетейік, бұл мектеп директорларымен өткен қорытынды кездесу. Бұндай басқосулар бұған дейін еліміздің батыс, солтүстік, шығыс және оңтүстік өңірлерінде өткен болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →