Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    Бойжеткенді жәбірлеген Алматы әкімдігінің қызметкері ұсталды

    Фото: Pixabay

    Алматы қалалық жастар саясаты басқармасының бас маманы бойжеткенге дөрекі сөздер айтып, ұрып-соққан. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

    Әкімдік оның жастар саясаты басқармасында істейтінін мойындады.

    «Ділмұрат Омаров 2022 жылдың қараша айынан бастап Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының бас маманы болып жұмыс істеді. Осы оқиғадан кейін ол 19 ақпаннан бастап өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш берді. «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның 61-бабы 1-тармағының 1-тармағымен Ділмұрат Омаров қызметінен босатылды», — деп жауап берді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

    Жастар саясаты басқармасы бас маманының мәселесін қазіргі күні полиция қарап жатыр.

    «Алматы қаласының полиция департаменті Медеу ауданының полиция басқармасы дене жарақатын алу фактісі бойынша сот-медициналық сараптама жасап жатыр. Ер адам ұсталды», — дейді қалалық полиция департаменті.

    Ведомствоның айтуынша, іс сотқа жіберіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →