Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Бокстан өзге елдің намысын қорғап жүрген қандасымыз елге оралды

    Фото: instagram.com/amankonsbekov

    Бокстан өзге елдің намысын қорғап жүрген қазақ боксшысы Аман Қонысбеков Өзбекстаннан ата-жұртына оралды. Енді ол әлемдік додаларда Қазақстан атынан, ел аралық сындарда Түркістан облысының атынан сынға түспек, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Бұл туралы KAZINFORM тілшісіне Бокстан Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов айтып берді.

    «Аман бауырымыз желтоқсан айында Астанада тұратын туысқан ағасымен бірге келіп танысып, елге біржола көшіп келгенін, енді алдағы уақытта қазақ спортшыларымен бірге жаттығып, солармен бірге еліміздің намысын қорғағысы келетініндерін айтты. Әрине, келем деген баланың кеудесінен итеру табиғатымызда жоқ. Елге ел қосылса құт емес пе… Мен келісім беретінімді айттым. Алайда, келмес бұрын Өзбекстанға барып, бұрынғы бапкеріңнен заңды тұрде рұқсатыңды алып кел деп жібердім. Ол менің тапсырмамды ойдағыдай орындап келді. Қазір біздің боксшылармен бірге Алматыдағы оқу-жаттығу жиындарында жүр. Болашақта Түркістан облысының атынан сынға түсетін болады», — деді бас бапкер.

    Айта кетейік, Аман Қонысбеков бокстан 2023 жылғы Өзбекстан Республикасының чемпионатында қола жүлде еншілеген. 71 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →