Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Батбаққа батқан бұқара: СҚО-дағы ауылда әлі күнге дейін асфальт жоқ Таразда әкімдіктің кесірінен тұрғындар шыбын-шіркейге таланып отыр Израиль АҚШ-қа Иранның Трампқа қастандық жоспары туралы барлау дерегін берді Түркістанда балалар ауруханасын тарақан басып кеткен Анасы табылған жоқ: Ақтөбеде тастанды сәби жаңа отбасына берілді Иран Хаменеиді жерлегеннен кейін АҚШ базаларына жаңа соққылар жариялады Батбаққа батқан бұқара: СҚО-дағы ауылда әлі күнге дейін асфальт жоқ Таразда әкімдіктің кесірінен тұрғындар шыбын-шіркейге таланып отыр Израиль АҚШ-қа Иранның Трампқа қастандық жоспары туралы барлау дерегін берді Түркістанда балалар ауруханасын тарақан басып кеткен Анасы табылған жоқ: Ақтөбеде тастанды сәби жаңа отбасына берілді Иран Хаменеиді жерлегеннен кейін АҚШ базаларына жаңа соққылар жариялады

Халықаралық іздеуде жүрген Ресей азаматы Алматы әуежайында ұсталды

Көлік полицейлері Алматы әуежайында мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады, — деп хабарлайды Qazaq.Today тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап .

Көліктегі полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов хабарлағандай, желілік полиция басқармасының қызметкерлері ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп, халықаралық іздеуде жүрген 62 жастағы қылмыскерді әуежай залында ұстады.

Ресей Федерациясының азаматы РФ Қылмыстық кодексінің 159-бабы («Алаяқтық») бойынша қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Нелегал-2022» жедел-алдын алу шарасының екі күнінде көлік полициясы Қазақстан аумағында болу ережелерін бұзғаны үшін 38 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартқаны атап өтілді.

Көші-қон заңнамасын қасақана бұзғаны үшін алты шетелдік азамат елден шығарылды. Сондай-ақ шақырылған шетелдіктердің белгіленген болу ережелерін бұзғаны үшін Қазақстанның сегіз азаматы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика