Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты

    Теннисші Елена Рыбакина Қатардың Доха қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалында әлемнің 38-ракеткасы, 2021 жылғы АҚШ ашық чемпионатының финалисі, канадалық Лейла Фернандеспен ойнап, кортта алғаш рет кездесті.

    Канадалық теннисші матчты жақсы бастап, 4:1 есебімен алға шықты. Дегенмен бұдан кейін Рыбакина қатарынан 5 геймді алып, есепті 6:4-ке жеткізді.

    Екінші сетте Рыбакина есеп 3:2 болған кезде брейк жасай алды. Содан кейін матчты тағы бір брейкпен түйіндеді. Есеп – 6:2.

    Матч бір сағат, 34 минутқа созылды. Осы уақытта Рыбакина 6 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды.

    Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 32-ракеткасы, 2021 жылғы Ролан Гаррос жарысының финалисі, ресейлік Анастасия Павлюченковамен кездеседі.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →