Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 24 қараша 2026 $ 455,5↓€ 501,1↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Павлодарда тұрмыстық зорлық-зомбылықты әзілге айналдырған шоумен 20 тәулікке қамалды • Фариза Ескермес өз руының шежіресінен есімін таппағанын айтты • «Сылтау жауапқа» тосқауыл: шағымды «доп құсап тебу» енді жазбаша негізделеді • Мемлекеттік Әнұран үш айда телеарналарда 6 472 рет шырқалды • Тоқаев Айбек Сыдықовты Президент Іс басқармасы басқарушысының орынбасары етіп тағайындады • Тоқаев цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды • Павлодарда тұрмыстық зорлық-зомбылықты әзілге айналдырған шоумен 20 тәулікке қамалды • Фариза Ескермес өз руының шежіресінен есімін таппағанын айтты • «Сылтау жауапқа» тосқауыл: шағымды «доп құсап тебу» енді жазбаша негізделеді • Мемлекеттік Әнұран үш айда телеарналарда 6 472 рет шырқалды • Тоқаев Айбек Сыдықовты Президент Іс басқармасы басқарушысының орынбасары етіп тағайындады • Тоқаев цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды •

    Мессиді қытай жанкүйерлері сотқа бермек

    Дауға Лео Мессидің “Интер Майами” командасының қатысуымен Гонконгте өткен матчта ойнамай қалуы себеп болған. Бұл сондағы жанкүйерлер тарапынан да, билік тарапынан да үлкен наразылық туғызған.

    Әуелі футболшының матчта ойнайтыны хабарланып, тіпті аргентиналық матч алдында жаттығуға да шыққан. Алайда форвард белгісіз себептермен ойынға шықпай қалды. Алмастыратын ойыншылар қатарында болды.

    Стадиондағы жанкүйерлердің ашуланғаны соншалық, олар қымбат билет үшін ақшаны қайтаруды талап еткен. Кейін матчты ұйымдастырушылар Мессиді алаңда көрмегендіктен, сатып алынған билеттер құнының жартысын қалайтындардың бәріне ақшаны қайтару туралы шешім қабылдауға мәжбүр болды.

    Бірақ америкалық клубтың әрі аргентиналық футболшының әрекетіне тек көрермендер ғана ашуланған жоқ. Енді қытай билігі келесі айда Қытайда өтетін Нигерия мен Аргентина құрамалары арасындағы матчты өткізбейтінін хабарлаған. Сондай-ақ, Аргентина құрамасының Бейжіңде өтетін Кот-д ‘ Ивуар командасына қарсы матчы да өтпей қалуы мүмкін.

    Соңғы ақпарат бойынша, ашуланған қытайлық жанкүйерлер футбол жұлдызы мен оның клубын сотқа беруге бекінген.

    Мессидің айналасындағы дау басылар емес. Қытай бұқаралық ақпарат құралдары болып жатқан оқиғаның жаңаша мән-жайын жарыса жариялап жатыр. Жанкүйерлер Мессидің портретін өртеу акцияларын бастаған. Аргентина мен Интер Майами құрамаларының жанкүйерлері сатып алған формаларын да өртеген. Сонымен қатар, матчқа келген көрермендер билеттің құны мен моральдық шығынды өтеуді талап етеді.

    Бұл дау тек жанкүйерлер арасында ғана емес, сонымен қатар Месси мен оның командасына қарсы сот ісін жүргізуге дайын футбол жанкүйерлері арасында да наразылық туғызып отыр.

    Дереккөз: ulysmedia.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →