Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды

    Төреғали Төреәліге сенген жұрт оңбай алданды

    Фото: toregalitoreali инстаграм парақшасынан

    Танымал адамдардың жарнамасына сеніп, баспаналы болуды көздеген бір топ тұрғын алданып қалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап.

    Олар DOSTAR DELUXE тұрғын үй кешенінен үй алмақшы болған. Құрылыс компаниясын әзілкеш Нұрболхан Шарап, Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев, әнші Төреғали Төреәлі жарнамалаған. Алайда тұрғын үй кешенінің құрылысы басталмай жатып тоқтаған. Тұрғындардың айтуынша, жауапты компанияның үй салуға рұқсат қағазы болмаған.

    Төреғали Төреәлі жеке парақшасында аталған құрылыс компаниясының кеңсесіне барып, пәтер алмақшы болған сәтін оқырмандарына көрсеткен. Әншінің менеджері «біз де алданып қалдық» деп отыр.

    Ал Maх Bet компаниясының директоры Берік Нұрмағанбетовтың адвокаты Төреғали Төреәлінің жарнамасының құны 2-бөлмелі пәтермен пара-пар екенін айтты.

    «Төреғали Төрәліге DOSTAR DELUXE тұрғын үй кешеніне жарнама жасағаны үшін 2 бөлмелі пәтер келісілген дейді. Ал Дәулет Мұқаев 20 миллион ақшаға келіскен», – дейді адвокат Шынқуат Байжанов.

    Заңгер Мейірман Шекеев танымал тұлғалар ақы алса, олардың бұл әрекеті жарнама болып есептелінеді дейді. Ол аталған азаматтардың үстінен арыз жаза беруге болатынын айтты.

    Дереккөз: EL.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →