Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Құлбек Ергөбек: Мемлекеттік рәміздер үшін кез келген саяси қадамдарды жасаудан тартынбау керек

    Фото: qazaquni.kz

    Мемлекеттік рәміздер үшін кез келген саяси қадамдарды жасаудан тартынбау керек. Бұл пікірді «Жаңа Адамдар» қозғалысының жасаған сауалнамасына қатысты жазушы, филология ғылымдарының докторы Құлбек Ергөбек айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Жазушының айтуыншы, Мемлекеттік Рәміздерді қабылдаған кездері де кемшілік көп болған. Сол үшін де Елтаңбаға қатысты түрлі пікірдің айтылуы орынды.

    Шынын айту керек, бізде Мемлекеттік Рәміздерді қабылдаған кездері де кемшілік көп болды. Конкурс шартты түрде өтіп, бұрмалаушылықтар, белден басулар орын алғанын білеміз. Мәселен, сол кезде Мемлекеттік Тудың бірнеше нұсқасы ұсынылды. Солардың ішінде Бөрілі Байрақ түрі маған аса қатты ұнап еді. Атақты Сүйінбайдың жырында айтылатын «Бөрілі Байрақ астында – Бөгеліп көрген жан емен! Бөрідей жортып кеткенде,Бөлініп қалған жан емен!», деп келетін жолдар бар ғой. Бөрінің басы бейнеленген сол Тудың сұсы басым болды. Бірақ, оны қабылдаттырмады.

    Одан кейін 30 жыл ішінде ешкіммен ақылдаспай-ақ Әнұранды да өзгерте қойдық. Халықтан сұралған жоқ. Алғашқа Әнұранымыз қандай еді! Яғни, біз осындай қадамдар арқылы Рәміздердің халық арасындағы беделін, қасиетін жоғалтып алдық. Елтаңбаны ешкім танымай жатса онда халықты кінәлаудың да реті жоқ. Демек, Елтаңбаны қабылдаған комиссия да халықпен ақылдасқан жоқ. Қазіргідей қоғамның үнін айтқызуға мүмкіндік берілмеді. Сондықтан, дәл қазір Елтаңбаға қатысты түрлі пікірлердің айтылуы заңды.

    Бір мысал айтайын, мен бірнеше жыл Түркістандағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде басшылық қызметте болдым, оқытушы болдым. Сонда байқағаным, Түркиядан келген оқытушылар, іскер азаматтар, студенттер Түркияның Әнұраны орындалған кезде орындарынан атып тұрып, аса бір толғаныспен қосыла шырқай жөнелетін. Бұл мемлекеттік тәрбиенің жемісі. Бізде осындай құндылықтар бар ма?! Шынайы дәріптей аламыз ба?

    Сол себепті, Мемлекеттік рәміз – Елтаңбамыздың атрибуттарын қайта қарастырып, қоғам талқысына салып көргенді жөн көремін. Зиялы қауым, әр саланың мамандары не дейді? Жалпы, жұртшылықтың көзқарасы, арман-мұраты қандай? Сұрайық, ақылдасайық, ортақ шешімге келейік! Оның несі айып? Бәлкім, қоғамда айтылып жатқан ұсыныстар негізінде Елтаңбаға бөрінің басы, сұңқар бейнесі және т.б атрибуттарды қосып, жалпы геральдикасына өзгеріс енгізіген дұрыс шығар? Мемлекеттік рәміздер үшін кез келген саяси қадамдарды жасаудан тартынбау керек деп ойлаймын, — дейді Құлбек Сәрсенұлы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →