Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 19 шілде 2026 $ 471,6 539,3 6,03
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Бір жастан асқанда бала қылып берді»: Асанәлі Әшімовтің асырап алған қызы күтпеген мәлімдеме жасады Сақтандырусыз қалған қала: Алматы жер сілкінісіне қаржылай дайын ба? Оқыс оқиға: Алматы облысында тауға шыққан қыз құздан құлап кетті Алакөлде гидроциклдер соқтығысып, бір адам көз жұмды Футбол теннис есебімен: Англия тарихында тұңғыш рет ӘЧ қоласын иеленді Иранның Иорданиядағы базаға шабуылынан екі америкалық әскери қаза тапты «Бір жастан асқанда бала қылып берді»: Асанәлі Әшімовтің асырап алған қызы күтпеген мәлімдеме жасады Сақтандырусыз қалған қала: Алматы жер сілкінісіне қаржылай дайын ба? Оқыс оқиға: Алматы облысында тауға шыққан қыз құздан құлап кетті Алакөлде гидроциклдер соқтығысып, бір адам көз жұмды Футбол теннис есебімен: Англия тарихында тұңғыш рет ӘЧ қоласын иеленді Иранның Иорданиядағы базаға шабуылынан екі америкалық әскери қаза тапты

    Алматыдағы ауыз су құбырының тең жартысынан көбі тозған – Алматы су мекемесі

    Алматыдағы ауыз су құбырларының тең жартысынан көбі тозған. Жерасты құбырларының тозуынан апатта жиілеген, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Кезекті апат бүгін таңға жуық тағыда орын алған еді. Қаланың 30% ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған алып су құбырындағы апат әлі қалпына келтірілген жоқ. Жауапты мекеменің мәліметінше жыл сайын 20-25 км ғана су желілері жаңартылады.

    «Су шаруашылығы саласындағы ең өзекті мәселелердің бірі желілердің табиғи тозуы болып отыр, ол 50% — дан асады. Жылына Кәсіпорынның инвестициялық қаражаты есебінен шамамен 20-25 км желі ауыстырылады. Ал қалалық су құбырының тозу дәрежесін төмендету үшін жыл сайын шамамен 100 км құбыр желісі ауыстырылады», — деді «Алматы су»МКК баспасөз қызметі.

    Сумен жабдықтау жүйесінің құрылыстары мен технологиялық жабдықтарын жоспарлы түрде түбегейлі жаңғыртуды талап етеді. Кәсіпорынның мәліметінше  жөндеудің жылдам жүрмеуі қаржыға тікелей байланысты. Айтуларынша суға арналған тарифтің төмендігі де себеп.

    «Қаламызда ауыз су ел бойынша ең төменгі тарифтердің бірі. 1000 литр судың бағасы 48 теңгеге тең. Бұл ретте тариф 7 жылдан астам уақыт бойы өзгеріссіз, баға қымбаттаған жоқ», — деді мамандар.

    Қала бойынша су құбырының ұзындығы 3574 шақырым. Алайда олардың жартысынан көбі әбден ескірген. Құбырлардың қолданысқа берілгеніне 60 жылдан асып кеткен. Қаладағы су құбыры желілерінің  1942 шақырымы тозған. Бұл жалпы көлемнің  54,3 % құрайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →