Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Атырау облысында екі көлік соқтығысып, 2 адам көз жұмды

    Атырау облысында Volvo жүк көлігі қарсы бағытта келе жатқан Mitsubishi Outlander-мен соқтығысып, жол апаты салдарынан жеңіл көлік өртеніп, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

    Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

    Жол-көлік апаты бүгін, 4 ақпанда Ресеймен шекаралас Құрманғазы ауданының аумағында болған.

    «Жергілікті уақытпен сағат 15:30 шамасында республикалық маңыздағы Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 873-шақырымы тұсында екі көлік соқтығысты. Аталған жолдың Құрманғазы ауданындағы Бөкейхан ауылына жақын тұста Volvo маркалы жүк көлігі қарсы бағытта келе жатқан Mitsubishi Outlander автокөлігімен соқтығысқан. Жүк көлігінің рульінде 1958 жылғы жүргізуші болғаны анықталды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан Mitsubishi Outlander автокөлігі өртке оранды. Жеңіл көліктің 1964 жылғы жүргізушісі мен 59 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты», — делінген хабарламада.

    Қазір полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасына байланысты тиісті іс құжаттарын жинақтап жатыр.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →