Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • БҚО-да өз үйінен ер адамның денесі табылды

    Батыс Қазақстан облысында өз үйінен ер адамның денесі табылды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

    Оқиға 3 ақпан күні Бәйтерек ауданы Достық ауылында болған.

    «Шамамен сағат 09.00-де өз үйінен көптеген жарақатпен ер адамның мүрдесі табылды. Алынған іс-шаралардың нәтижесінде осы қылмысқа күдікті ретінде 1990 жылғы тұрғын анықталып, ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша арақ ішу барысында ер адамдар арасында жанжал шыққан», — делінген ақпаратта.

    Күдікті кінәсін мойындап, жауап берді.

    «Ол ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі 128-бабының тәртібімен Приурал полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдарын Приурал полиция бөлімі жүргізіп жатыр. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», — деп хабарлады ведомство.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →