Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Елордадағы цехта 1200 шаршы метрді шарпыған өрт болды

    [ad_1]

    Елордадағы жиһаз жасайтын цехта ірі өрт болды. Жүзге жуық өрт сөндіруші 18 арнайы техникамен өртпен 2 сағатқа жуық арпалысты, деп хабарлайды Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі.

    «23 қаңтарда, тиісті хабарлама түскен соң, сағат 21:20-да Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Дүкенұлы көшесі, 31/11С мекенжайында болып жатқан өртті сөндіруге аттанды. Сағат 21:26-да жиһаз жасайтын өндірістік цехта 1200 ш.м. алаңда жиһаз дайындамалары, пластмасса және резеңке-техникалық бұйымдар жанғаны анықталды. Өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды. Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттері өрттің жақын маңдағы ғимараттарға таралуын болдырмады. Өрт сөндірушілердің күшімен сағат 22:40-та қызыл жалын оқшауланып, сағат 23:19-да жойылды», — делінген хабарламада.

    Өртті сөндіруге елордалық ТЖД жеке құрамының 93 адамы мен 18 бірлік техникасы, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жұмылдырылды.

    Дереккөз: halyq-uni.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →