Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    «Бейбітшілік» аралынан 11 адам эвакуацияланды»: тұрғындар Семейдегі су деңгейінен хабардар етілді

    21 қаңтарда сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Ертіс өзенінің Семей қаласында су деңгейі 457 см болды. Бұл туралы Абай облысының әкімдігі хабарлады.

    «Бейбітшілік» аралы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы орган және ТЖМ 68303 ә/б бірлесіп, 21 қаңтарға қараған түні бөгет салу, өзен арнасына су бұру үшін жол төсемін ашу сияқты инженерлік жұмыстар жүргізді.

    ТЖД күшімен өзен арнасына 5 850 текше метр су қайта жіберілді.

    Түнде «Бейбітшілік» аралынан 11 адам (7 ересек, 3 бала) эвакуацияланған. Олар Семей қонақ үйіне орналастырылды. Үй жануарлары қауіпсіз жерге жеткізілді. Эвакуацияланған адамдар жергілікті атқарушы орган тарапынан ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Қазір олар үйлеріне қайтты.

    Бүгінде су деңгейі төмендеген. Тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. Сағат сайын учаскелерді аралап («Бейбітшілік» аралы, Д/М.Бобровка), су деңгейіне мониторинг жүргізіледі. Әр 2 сағат сайын су деңгейі өлшеніп тұрады.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →