Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 448,0↓€ 503,7↓₽ 5,50↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыдағы «SMALL» супермаркетінде дайын тамақтың жанында тарақан жорғалап жүр • 13 жыл үнсіз қалған мереке: Тоқаев Республика күнін қалай қайтарды • Шенеуніктердің назарынан тыс қалған Балқаш-9: Тұрғындар тастап кеткен «елес қаланың» аянышты көрінісі • «Салақтықтан туып жатқан бала»: Бақыт Тұрман қоғамдағы мәселені көтерді • Тоқаев Жезқазған мыс балқыту зауытының қызметкерін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапаттады • Президент Республика күні қарсаңында 129 еңбек ардагерін мемлекеттік наградалармен марапаттады • Алматыдағы «SMALL» супермаркетінде дайын тамақтың жанында тарақан жорғалап жүр • 13 жыл үнсіз қалған мереке: Тоқаев Республика күнін қалай қайтарды • Шенеуніктердің назарынан тыс қалған Балқаш-9: Тұрғындар тастап кеткен «елес қаланың» аянышты көрінісі • «Салақтықтан туып жатқан бала»: Бақыт Тұрман қоғамдағы мәселені көтерді • Тоқаев Жезқазған мыс балқыту зауытының қызметкерін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапаттады • Президент Республика күні қарсаңында 129 еңбек ардагерін мемлекеттік наградалармен марапаттады •

    «Мынаны қалай киюге болады?»: Жетісу облысында тұрғын әкімдік берген мектеп формасына шағымданды (видео)

    Жетісу облысы Кербұлақ ауданының тұрғыны әкімдіктің қызына үлкендерге арналған мектеп формасын бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

    Әйелдің сөзінше, әлеуметтік көмек алу туралы өтінішке қызының өлшемін дұрыс жазған. Алайда үлкен форма берілген.

    «Мынаны мектепке қалай киюге болады? Бұл – 38 мың теңгеге берілген киім. Неге ақшаны қолға бермейді? Бала қалай мектепке барады?» – дейді әйел.

    Ал Жетісу облыстың білім басқармасының басшысы Айжан Адамбекова бұл оқиғаға қатысты пікір білдіруге әлі ерте екенін мәлімдеді.

    «Қазір пікір білдіре алмаймын. Алдымен бұл біздің берген киімдер екенін анықтау керек», – деді ол.

    Еске салайық, осыған ұқсас жағдай туралы Атырау тұрғыны мәлімдеген еді. Тұрғын 1-сыныпқа баратын ұлына ересектерге арналған киімнің берілгенін айтқан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →