Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    2 адам әлі табылмай жатыр

    «Майкаинзолото» АҚ-ға тиесілі шахтаға құлаған 2 адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлады Павлодар облысының ТЖД баспасөз қызметі.

    «Кеніште топырақ әлі сырғып жатыр, опырылу шегі тұрақсыз. Құтқарушылар өте қауіпті жағдайда жұмыс істеп жатыр. Іздестіру-құтқару жұмысы жалғасуда», — деп жазылған хабарламада.

    Оқиға орнына Төтенше жағдай министрінің орынбасары Мереке Пішембаев, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов барды. Іздеу жұмыстарына Астана қаласы мен Павлодар облысының ТЖД кинологтары да тартылды. Оқиға орнына ТЖМ, полиция, КӘАҚҚ РОШ, 103 қызметі бөлімшелерінен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардан барлығы 116 адам мен 23 техника жұмылдырылды.

    Еске сала кетсек, кеше Павлодар облысында кенішке құтқарушылар отырған автобус құлап кеткені хабарлаған еді. Содан кейін 2 құтқарушының денесі табылды. Қалған 2 адам іздестіріліп жатыр.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →