Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Қазақстан қызылша ауруының таралуынан алдыңғы орынға шықты

    Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) қызылшаның таралуы бойынша Қазақстанды әлемде бірінші орынға қойды, деп хабарлайды Qazaq.today Finprom сайтына сілтеме жасап.

    Денсаулық сақтау министрлігінің желтоқсан айының басындағы мәліметі бойынша Қазақстанда қызылша жұқтыру жиілігі 100 мың адамға шаққанда 88,9-дан асты, деп хабарлады портал. Қазан айының соңында бұл көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 69-ға тең.

    Қазақстанда қызылша жұқтырғандар саны 20,2 мың адамға жетті. Шығыс Қазақстан облысында алты айлық сәби қайтыс болды. Бала әлі екпе жасына жетпегендіктен вакцина алмаған. Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесі бойынша қазақстандық балалар қызылшаға қарсы бірінші екпені 12-15 айлығында, екіншісін 6 жаста алады.

     

    «Биыл Қазақстанда қызылша ауруы өршіп тұр. Ауру жұқтырғандар саны 13,3 мың адамнан асқан «пандемияға дейінгі» ауыр 2019 жылмен салыстырғанда, биыл дертке шалдыққан саны айтарлықтай көп», — деп жазылған хабарламада.

     

    Аймақтар бойынша ауру жұқтырғандардың ең жоғары көрсеткіші оңтүстікте – Шымкент қаласында (100 мың тұрғынға шаққанда 258,9) және Жамбыл облысында (194,8) тіркелді. Ең аз көрсеткіш Солтүстік Қазақстан (100 мың адамға шаққанда 9,8) және Шығыс Қазақстан (12,8) облыстарында байқалды.

    Осы жылы ауырғандардың басым бөлігі балалар мен жасөспірімдер, олардың үлесі 84,4%-ды құрады.

    Екпе алмаған балалар санының көбеюі, яғни ата-аналардың екпеден бас тартуы тағы бір маңызды себеп болып тұр. Науқастардың арасында екпе алмаған балалардың үлесі 83,6%-ті құрайды.

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →