Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Астанада дүкеннен брендтік киімдерді ұрлаған әйел ұсталды

    Астанада Жаңа жыл мерекесі қарсаңында дүкеннен брендтік киімдерді балалар арбасына салып, ұрлаған әйел ұсталды.

    Polisia.kz-тің хабарлауынша, полицияға бір дүкеннің қызметкері белгісіз әйелдің бутиктен киім ұрлап, 70 мың теңгеге жуық шығын келтіргенін айтқан. Нұра ауданының ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 30 жастағы қала тұрғынын анықтады. Тергеу кезінде әйелдің Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан сауда-ойын-сауық орталығындағы брендтік бутиктердің бірінен киімдерді балалар арбасымен ұрлап әкеткені белгілі болды. Ол өзіне ұнаған киімдердің магниттерін шешіп, ұрлаған.

    Осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған әйел мойындау көрсетпелерін берді. Оның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →