Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалы директорының бұрынғы орынбасары сотталды

    «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ақтөбе филиалы директорының бұрынғы орынбасары алаяқтық әрекеті үшін сотталды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

    ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында шаруа қожалығының басшысы шетелден әкелінген 277 бас асыл тұқымды малды сатып алу үшін «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие желісін ашу туралы өтінішпен корпорация филиалына жүгінгені анықталды.

    «Оған 90 млн теңге көлемінде несие қаражаты бөлінді. Осыдан кейін сотталған азамат шаруа қожалығының басшысын алдау арқылы Ресейден мал сатып алу-жеткізу туралы ЖШС-мен шарт жасатқан», – деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

    Шаруа қожалығының басшысы есеп айырысу шотына 90 млн теңге аударған, бірақ бұл қаражатты корпорацияның Ақтөбе филиалы директорының орынбасары жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

    Ол бес жылға бас бостандығынан айырылды.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →