Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 16 шілде 2026 $ 468,8 536,3 6,05
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті

    Өскеменде екі мұғалім кәмелетке толмаған қызбен мектепте жыныстық қатынасқа түспек болған

    Өскемен қаласында мектептің екі мұғалімі мен күзетші жұмыстан қуылды. Кәмелет жасына толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түспек болған екі мұғалім жұмыстан қуылды, – деп жазады inform.kz.

    Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Өскемендегі №30 мектепте екі ер адамның кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түспек болып жатқан видеосы жария болды.  Екі мұғалім де сол білім ордасында жұмыс істейтіні белгілі болды. Екеуі де ішімдік ішкен. Жасөспірім қыздың кім екені әзірге белгісіз.

    «Екі мұғалім мен мектеп күзетшісі қызметінен босатылды. Бейнебақылау камерасының жазбасынан зорлық-зомбылық фактілері байқалмаған. Енді қала мектептеріндегі бақылауды күшейтеміз», – деді Өскемен қалалық білім бөлімінің басшысы Сәуле Алагөзова.

    ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, олар жыныстық қатынасқа түсіп үлгермеген. Заңға сәйкес, ер адамдарды ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →