Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Ұлттық құрама әлем чемпионатына жолдама алды

    Футзалдан Қазақстан құрамасы Нидерланд құрамасын 2:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионатына жолдама алды. Бұл матчқа Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, қолдау көрсетті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz— ке сілтеме жасап.

    Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өткен матчтың алғашқы минутында-ақ Біржан Оразов есеп ашып, жанкүйерлерді бір желпіндіріп тастады.

    Араға 7 минут салып Дуглас Жуниор қарсыластар қақпасынан саңылау тауып, есепті еселей түсті. Екінші таймда қос тарап үздіксіз шабулдағанымен гол тіркелмеді. Осылайша, 2:0 есебімен жеңіске жеткен қазақстандықтар әлем чемпионатына жолдама алды.

    А тобында өнер көрсеткен Қазақстан құрамасы 12 ұпаймен көш бастады. Екінші орынға 7 ұпай иеленген Румыния құрамасы тұрақтаса, үшінші орынға Әзірбайжан жайғасты. Ал нидерландтықтар 1 ұпаймен топты түйіндеп тұр.

    Аталған шешуші матчқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы келіп қолдау білдірді. Сондай-ақ, мемлекет басшысымен бірге кәсіпқой бокстан WBO, IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы, ҚФФ президенті Әділет Бәрменқұлов, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев және қақпашы Игорь Шацкий да қатысты.

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →