Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Үш күнде қар құрсауынан мыңнан аса адам құтқарылды

    Үш күнде қар құрсауынан мыңнан аса адам құтқарылды, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі.

    10 желтоқсаннан бастап Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар, кейбір өңірде экстремалды жағдайлар байқалды. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тасжолдарда полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіппен қызмет етіп жатыр. Кейбір аймақтың жолдарындағы патрульдік экипаждар саны 2-3 есе көбейтілді.

    «ҚазАвтоЖол» мен полицияның ескертулеріне қарамастан кейбір жүргізушілер тасжолдарға шығып кетіп, тек полицейлердің көмегімен ғана қайғылы оқиғалардың алдын алатын жағдайларға тап болуы да кездесіп жатыр.

    «12 облыста халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдардың учаскелері жабылды. Барлығы – 100 учаскеден астам. Жұмыс істеп жатқан жылыту пунктерінің саны – 500. Жолдарда суыққа тоңазыған 1 мың 12 адам құтқарылды. Оның 25-і – бала», – делінген полиция хабарламасында.

    Сондай-ақ 1 мың 100 жүргізушіге көмек көрсетілді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →