Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Алматыда үш жігіт қыз зорлады деген күдікке ілінді

    Алматыда үш жігіт 20 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. Telegram каналдардың бірінде үш жігіт ойын-сауық мекемесінде 20 жастағы бойжеткеннің алкогольдік ішімдігіне әлдебір зат салып, кейін оны ұрлап алып кетіп, зорлағаны туралы ақпарат пайда болды. Сондай-ақ күдіктілер жәбірленушіге моральдық шығын үшін ақша ұсынып жатқаны хабарланды.

    Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті ҚР ҚК 120-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасында тіркелді.

    «Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер анықталып, ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Сонымен қатар жәбірленушінің алкогольдік сусынына белгісіз зат қосылғаны бойынша да тексеріс жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Сондай-ақ полиция қылмыстық процеске қатысушылар арасындағы хат алмасу Instagram әлеуметтік желісі арқылы жүргізілгенін анықтады.

    «Егер шағымды кері қайтарып алатын болса, ол жазаны жеңілдетуі мүмкін, бірақ қылмыстық істі тоқтатуға негіз бола алмайды», — деп атап өтті ведомстводан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →