Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда адам құқықтарын қорғау тетіктері нығайып келеді • Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі • «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Қазақстанда адам құқықтарын қорғау тетіктері нығайып келеді • Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі • «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды •

    Қостанайдағы тұрғын үйдегі апаттан бір адам көз жұмды

    Қостанайда жарылыс болған ғимараттан бір адамның денесі табылды. Сондай-ақ екі адам құтқарылды, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Облыстық ТЖД мәліметінше, қазіргі сәтте іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

    «Іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде үйінді астынан екі адам шығарылды. Сондай-ақ ер адамның денесі табылды. Оның жеке басы анықталуда. Іздеу жалғасып жатыр», — делінген хабарламада.

    Бұған дейін қала іргесіндегі ғимараттардың бірінде жарылыс болып, 7 адам үйінді астында қалғанын жазған болатынбыз. Қайғылы оқиға  11 желтоқсанда сағат 12:39-да Қостанайдың Амангелді ауылында болған. Жүк көліктерін жөндеуге арналған бір қабатты ғимаратта газ-ауа қоспасы жарылған.

    Іздестіру-құтқару жұмыстарына Қостанай облысы ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды.

    12 адам алғашқы медициналық көмекке жүгінген.

    Фото: Қостанай облыстық ТЖД

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →