Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 448,0↓€ 503,7↓₽ 5,50↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Салық берешегі 27 000 АЕК-тен асқандар Қазақстаннан шыға алмайды • «ҚазАвтоЖол» үш облыстағы автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізді • Астанада түнгі клуб жанында кіші дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке қамалды • Қазақстан БҰҰ бас хатшысы қызметіне Лана Заки Нусейбе кандидатурасын қолдады • Алматылық дәрігерлер 679 грамм салмақпен туған шақалақты аман алып қалды • Күзгі жаңбырлы ауа райында макияжды қалай сақтауға болады: сарапшы кеңесі • Салық берешегі 27 000 АЕК-тен асқандар Қазақстаннан шыға алмайды • «ҚазАвтоЖол» үш облыстағы автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізді • Астанада түнгі клуб жанында кіші дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке қамалды • Қазақстан БҰҰ бас хатшысы қызметіне Лана Заки Нусейбе кандидатурасын қолдады • Алматылық дәрігерлер 679 грамм салмақпен туған шақалақты аман алып қалды • Күзгі жаңбырлы ауа райында макияжды қалай сақтауға болады: сарапшы кеңесі •

    Бір түнде үш көлікті ұрлап кеткен: Алматыда полицейлер жедел жәрдем көлігін қуды (видео)

    Алматы облысында ер адам бір түнде үш көлікті ұрлап кеткен. Алматы полициясы түнгі қуғынның мән-жайын айтты деп хабарлайды Qazaq.Today.

    Полицейлер мәліметінше, 31 шілде 21:45 шамасында Құлжа тас жолы бойынша тұрғын үй кешенінен BMW көлігінің ұрланғаны туралы ақпарат келіп түскен. Ұры өзге машинамен соғылып, оқиға орнынан қашып кеткен. Кейін Есік қаласына дейін жетіп, жолдың қарсы бетінде Toyota көлігімен соқтығысқан. Алайда апат орнынан тағы да қашып кеткен.

    Кейін ер адам Nissan көлігін ұрлаған. Дегенмен тас жолда аударылып қалыпты. Куәгерлер жедел жәрдем шақырған соң, ұры жедел жәрдем көлігін ұрлап кетуді көздеген.

    «Облыстық жедел жәрдем станциясына тиесілі Jac Sunray көлігіне мінген ұры қалаға кірген соң патруль полициясының қолына түсті. 1994 жылы туған К. есімді күдікті медициналық сараптама нәтижесінде есірткі тұтынғаны анықталды. Ол қамауға алынды», – делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →