Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Сталкинг: бұрынғы әйелінен зәбір көріп жүрген астаналық жігіт әділдік сұрады Жаркентте мектеп ауласында ойнап жүрген 10 жастағы қыз тоққа түсіп, қайтыс болды Аймақтағы жобаларды Қазақстанның қолдауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес — Ильхам Әлиев «Қаншама қиындық болды»: Жахан Отарғалиев жас келіншегінің көңілін табатын табысқа жеткенін жариялады (ВИДЕО) Азия ойындарына алдын ала құрам айқындалды Шымкентте автокөлік жөндеу бокстары өртенді Сталкинг: бұрынғы әйелінен зәбір көріп жүрген астаналық жігіт әділдік сұрады Жаркентте мектеп ауласында ойнап жүрген 10 жастағы қыз тоққа түсіп, қайтыс болды Аймақтағы жобаларды Қазақстанның қолдауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес — Ильхам Әлиев «Қаншама қиындық болды»: Жахан Отарғалиев жас келіншегінің көңілін табатын табысқа жеткенін жариялады (ВИДЕО) Азия ойындарына алдын ала құрам айқындалды Шымкентте автокөлік жөндеу бокстары өртенді

Сот Талғарда жігітті қағып өлтірген экс-полицейге қатысты шыққан үкімді түсіндірді

Сот Талғарда 18 жастағы жігітті қағып өлтірген экс-полицейге қатысты шыққан үкімді түсіндірді, — деп хабарлайды qazaq.today сайты Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

«Талғар аудандық соты бұрынғы полицейді адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзып, жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалғаны үшін (ҚК-ның 345-бабы 3-бөлігі және 347-бабы) кінәлі деп таныды. Қылмыстық кодексте бұл қылмыстар үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұл ретте сот жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескеруі тиіс. Жеңілдететін мән-жайлар болған жағдайда (шын жүректен өкіну және кәмелетке толмаған балаларының болуы) сот ең жоғары жазаның жартысынан астамын тағайындай алмайды», — деді сот өкілдері.

Сот айыпталушыға 5 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру және 2,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.

«Айта кетейік, қылмыстың бұл түрі заң бойынша ауыр емес қылмыс санатына жатқызылған, сондықтан сот рақымшылық жасауды қолдануға міндетті болды. Сотталған адам соттың қалауы бойынша емес, рақымшылық жасау туралы заңның талаптарына сәйкес бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жазаны өтеуден босатылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ, апелляциялық шағым түсті», — деп түсіндірді аудандық сот өкілдері.

Еске салайық, Талғарда бұрынғы полицей көлікпен қағып кеткен соң қаза болған 18 жастағы Дінмұхамед Жеңістің туыстары сотталушыға шығарылған үкіммен келіспейді. Жүргізушіге екі жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →