Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 16 шілде 2026 $ 468,8 536,3 6,05
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті

    Алматыда көлік жүргізушісі қызды зорламақ болғандардан құтқарып қалды (видео)

    Алматы полициясы 29 шілдеде түнгі уақытта жеке секторда зорлауға оқталу фактісін тергеп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық порталының тілшісі. Журналист Михаил Козачковтың Telegram каналында оқиғаның видеосы пайда болды.

    «Бұл видеоны Рүстем есімді ер адам жіберді. Ол 28 шілде күні түнде Алматының төменгі жағында өз жұмысымен келе жатқанда көмек сұраған бойжеткен жолға жүгіріп келгенін айтты. Қыздың артынан жас жігіттің де қуып келгенін көруге болады. Рүстем қыз баланы көлікке отырғызып алып кетті. Қыздың айтуынша, екі жігіт оны осы жаққа алдап алып әкеліп, зорлауға тырысқан, бірақ ол қашып үлгерді», — деп жазады ол.

    Осы оқиғаға қатысты Алматы қалалық полиция департаменті ресми хабарлама таратты.

    «Алматы қалалық полиция департаменті 2000 жылы туған Б. азаматшаны зорлауға оқталу фактісін Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тергейтінін хабарлайды. Жәбірленуші оқиғадан біраз уақыт бұрын спирттік ішімдік ішкен достарының бірінен күдіктенеді. Мән-жай анықталуда», — деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Күдіктілерді қоға түсіру үшін жедел-тергеу тобы құрылған. Тергеу барысын Алматы қаласы полиция департаментінің басшылығы жеке бақылауға алды.

    https://www.youtube.com/watch?v=_mltQbRFZCg

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →