Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Астанадан Ақтөбеге жол тартқан: 20 тонна жұмыртқа тиеген фура аударылып қалды

    Ақмола облысында «Көкшетау – Рузаевка» тас жолында көктайғақтан жұмыртқа тиелген фура аударылып қалды.

    Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы «Көкшетау – Рузаевка» тасжолының 21-шақырымында болған.

     

    Рузаевка бағытында жүріп бара жатқан «Вольво» көлігінің жүргізушісі – 21 жастағы ақтөбелік көктайғақ салдарынан рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан көлік аударылды. Анықталғандай, жүргізуші Астанадан Ақтөбе қаласына 20 тонна жұмыртқа тасымалдап бара жатқан, — деп хабарлады ведомство өкілдері.

     

    Жалпы, өткен демалыс күндері ауа райының нашарлауынан Ақмола облысында 18 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →