Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 6 қазан 2026 $ 448,5↓€ 501,6↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазгидромет» 6 қазанда бірқатар өңірде дауылды ескерту жариялады • Жамбыл облысында оқушылар төбелесіп, бір бала қаза тапты • Өскеменде тәртіп бұзушыға ескерту жасаған полицей қаза тапты • Алматы тұрғыны полицейлерді жыныстық зорлық жасады деп айыптады, ІІМ бөлімі бұл айыптауды жоққа шығарды • Көкшетауда оқушы қозғалыстағы көліктен құлап кетті • Өскемендегі дәмханада полиция қызметкері қаза тапты • «Қазгидромет» 6 қазанда бірқатар өңірде дауылды ескерту жариялады • Жамбыл облысында оқушылар төбелесіп, бір бала қаза тапты • Өскеменде тәртіп бұзушыға ескерту жасаған полицей қаза тапты • Алматы тұрғыны полицейлерді жыныстық зорлық жасады деп айыптады, ІІМ бөлімі бұл айыптауды жоққа шығарды • Көкшетауда оқушы қозғалыстағы көліктен құлап кетті • Өскемендегі дәмханада полиция қызметкері қаза тапты •

    «Сапасыз материалды қолданған»: Жетісу облысында әкімдіктің 9 лауазымды тұлғасына шара қолданылды

    Жетісу облысының прокурорлары бюджет қаражатына салынып жатқан үйлердің талапқа сай келмейтінін анықтады, деп хабарлайды Qazaq.today порталы. Сарқан ауданында 1,7 миллиард теңгеге 60 пәтерлі 2 тұрғын салынып жатыр. Алайда көпқабатты тұрғын үйге мердігерлер сапасыз материалдарды қолданған. Прокуратура құрылыс және архитектура саласында засыздықтарға жол берген 9 тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

    «Сарқан қаласында 60 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы сапасы төмен және сертификатталмаған құрылыс материалдарын қолдану арқылы және мемлекеттік архитектуралық құрылыс бақылауына құрылыстың басталғандығы туралы хабарлама жолдамай жүзеге асырылған. Келісімшарт құны – 1 млрд 730 млн теңге. Аталған заңбұзушылықтардың құрылыс жүргізудің бастапқы кезеңінде анықталуы – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, болашақта болуы мүмкін орны толмас зардаптарды алдын алу», — деді Жетісу облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен.

    Заңсыздықтар тек тұрғын үйлерден басқа, Сарқан қаласының орталық алаңын қалпына келтіру бойынша да анықталған. Шенділер Алмалы ауылының мәдениет үйінде жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары кезінде заңсыздыққа жол берген.

    «Прокуратура тарапынан енгізілген қадағалау актісі бойынша заңбұзушылықтар толығымен жойылды. Кінәлі тұлғалар тиісті жауапқа тартылды», — деді ведомствоның баспасөз қызметі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →