Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 6 қазан 2026 $ 448,9↑€ 505,4↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Көкшетауда оқушы қозғалыстағы көліктен құлап кетті

    Көкшетауда мектеп маңында бала қозғалыстағы көліктен құлап түсті. Жүргізуші рұқсат етілмеген жерде тоқтаған, салонда балалар орындығы болмаған.

    Көкшетауда оқушы қозғалыстағы көліктен құлап кетті

    Фото: скриншот видео

    Көкшетауда мектеп маңында бала қозғалыстағы көліктен құлап түсті. Полицейлер жүргізушіні жедел тауып, оның оқушыны түсіру үшін рұқсат етілмеген жерде тоқтағанын, алайда көлік әлі де қозғалыста болғанын анықтады. Сонымен қатар көлік салонында арнайы балалар орындығы немесе қауіпсіздік белдігінің адаптері болмаған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Бұзушы тоқтау және жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері өңірде осыған ұқсас 27 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі анықталған.

    Бұған дейін Павлодар туралы айтқан сөздерінен кейін алматылық әйел айыппұл салынғаны хабарланған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →