Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ұлттық банк 7 қазанға арналған валюта бағамын жариялады • 7 қазанда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады, көктайғақ пен өрт қаупі сақталады • Алкоголь бағасы Астанада 21,8%-ға өсті, тұтыну шығыны азайды • Шымкентте ұрлау мен кісі өлтіру ісі бойынша 24 жылға дейін бас бостандығынан айыру сұралды • СІМ Ресейдегі соғыс аймағында қалған қазақстандықтарды қайтару туралы келіссөз жүргізіп жатыр • Талдықорғанда әкесі бес жасар қызын қауіпті түрде тасымалдағаны үшін жазаланды • Ұлттық банк 7 қазанға арналған валюта бағамын жариялады • 7 қазанда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады, көктайғақ пен өрт қаупі сақталады • Алкоголь бағасы Астанада 21,8%-ға өсті, тұтыну шығыны азайды • Шымкентте ұрлау мен кісі өлтіру ісі бойынша 24 жылға дейін бас бостандығынан айыру сұралды • СІМ Ресейдегі соғыс аймағында қалған қазақстандықтарды қайтару туралы келіссөз жүргізіп жатыр • Талдықорғанда әкесі бес жасар қызын қауіпті түрде тасымалдағаны үшін жазаланды •

    Жамбыл облысында оқушылар төбелесіп, бір бала қаза тапты

    Жамбыл облысы Байзақ ауылында екі оқушының төбелесі салдарынан 2011 жылы туған жасөспірім қаза тапты. Екінші жасөспірім ұсталып, тергеу жүргізілуде.

    Жамбыл облысында оқушылар төбелесіп, бір бала қаза тапты

    Фото: depositphotos.com

    Жамбыл облысында екі оқушының арасында жанжал болып, соның салдарынан бір бала қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, қайғылы оқиға Байзақ ауылында орын алған.

    «3 қазан күні сағат 22:00 шамасында кәмелетке толмағандар арасында жанжал болып, соның салдарынан алған жарақатынан 2011 жылы туған жасөспірім қаза тапты», – делінген хабарламада.

    Оқиғадан кейін екінші кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

    «Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі «Жәбірленушінің абайсызда өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады басқарма.

    Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

    Еске салсақ, бұған дейін Астанада №36 мектептің оқушылары жаппай төбелесіп, оны жоғары сынып оқушылары видеоға түсіріп алғаны туралы жазғанбыз.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →