Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 6 қазан 2026 $ 448,9↑€ 505,4↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы тұрғыны полицейлерді жыныстық зорлық жасады деп айыптады, ІІМ бөлімі бұл айыптауды жоққа шығарды • Көкшетауда оқушы қозғалыстағы көліктен құлап кетті • Өскемендегі дәмханада полиция қызметкері қаза тапты • Бодрумда ресейлік жасөспірімге алып сегізаяқ шабуылдады • Қайрат Нұртас Алматыдағы Орталық стадионда 40 мың көрерменге мерейтойлық концерт берді • Ақмола облысында итті балтамен өлтірген ер адамға 100 сағат қоғамдық жұмыс тағайындалды • Алматы тұрғыны полицейлерді жыныстық зорлық жасады деп айыптады, ІІМ бөлімі бұл айыптауды жоққа шығарды • Көкшетауда оқушы қозғалыстағы көліктен құлап кетті • Өскемендегі дәмханада полиция қызметкері қаза тапты • Бодрумда ресейлік жасөспірімге алып сегізаяқ шабуылдады • Қайрат Нұртас Алматыдағы Орталық стадионда 40 мың көрерменге мерейтойлық концерт берді • Ақмола облысында итті балтамен өлтірген ер адамға 100 сағат қоғамдық жұмыс тағайындалды •

    Ұлыбританиядағы маусымдық жұмыстарға 4 мың қазақстандық өтініш берген

    2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 4 мыңға жуық қазақстандық Ұлыбритания фермаларында маусымдық жұмыс істеу үшін виза алуға өтініш берген. Салыстыру үшін айта кетейік, 2019 жылы мұндай өтініштер төртеу ғана болған, деп хабарлайды Qazaq.today  Рrotenge телеграм каналына сілтеме жасап. 

    Tik Tok желісінде ағылшын фермаларында маусымдық жұмыстарда қалай табыс табуға болатын видеолар көбейді. Олар ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне маусымдық жұмысшыларды тартатын арнайы бағдарлама бойынша барады және 2019 жылдан бастап оған Қазақстан азаматтары да қатыса алады.

    Мұнда адамдар егістікте 10-12 сағат кез келген ауа-райында жұмыс істейді. Бірақ соған қарамастан, Ұлыбританияға баруға ниет білдірген қазақстандықтардың саны жыл сайын артып келеді.

    Ұлыбритания елшілігінің ресми статистикасы бойынша әр жылда визалық өтініш берген қазақстандықтар саны:

    2019 жылы — 4 өтініш;

    2020 жылы — 11 өтініш;

    2021 жылы — 402 өтініш;

    2022 жылы — 2 711 өтініш;

    2023 жылдың бірінші жартыжылдығында — 3 994 өтініш.

    Айта кетейік, Ұлыбританияда жалақысы төмен жұмысшы айына миллион теңгеге жуық табыс табады, ал Қазақстанда орташа жалақы үш есеге аз – 365 мың.

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →