Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар Айкөркемнің әкесіне айыппұл салынды

    Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ӘҚБтК 456-2 бабының 3 бөлігі, «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша азамат Меделханұлына қатысты әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды zakon.kz.

    Соттың мәліметінше, 2023 жылы 8 қарашада М-ның «Facebook» -те бейнехабарлама жариялағаны белгілі. Аталған жазбада М. 2023 жылы 21 қазанда көршісінің өзіне шабуыл жасағанын, ал бұл ретте полиция қызметкерлері әрекетсіздік танытқанын мәлімдейді.

    Сондай-ақ полиция органдары оның өтінішін қабылдамаған және қандай да бір сипатта әрекет етуге тырыспағаны да айтылады.

     

    «Сот М. тарапынан полицияға қандай да бір өтініш және мәлімдеме жасамағанын анықтады. Сонымен қатар, М. учаскелік полиция қызметкерімен әңгіме барысында шағымдардан бас тартып, жанжалдың бейбіт жолмен шешілгенін айтқан. Осылайша, М. желіде жалған ақпарат жариялаған. М. өз кінәсін мойындамады. Сот қаулысымен М. ӘҚБтК-нің 456-2 бабының 3 бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 69 000 теңге мөлшерінде баламасыз әкімшілік айыппұл салынды», — делінген сот хабарламасында.

     

    Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →