Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 6 қазан 2026 $ 448,9↑€ 505,4↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қайрат Нұртас Алматыдағы Орталық стадионда 40 мың көрерменге мерейтойлық концерт берді • Ақмола облысында итті балтамен өлтірген ер адамға 100 сағат қоғамдық жұмыс тағайындалды • Алматыда түнгі ойын-сауық орнында жаппай төбелес болды • Қазақстан Халық Кеңесінің Өңірлік даму комитеті алғашқы отырысын өткізді • Тоқаев Оман Сұлтанын Астана әуежайында қарсы алды • Астанада «Ұстаз айтса» диалог алаңы өтті • Қайрат Нұртас Алматыдағы Орталық стадионда 40 мың көрерменге мерейтойлық концерт берді • Ақмола облысында итті балтамен өлтірген ер адамға 100 сағат қоғамдық жұмыс тағайындалды • Алматыда түнгі ойын-сауық орнында жаппай төбелес болды • Қазақстан Халық Кеңесінің Өңірлік даму комитеті алғашқы отырысын өткізді • Тоқаев Оман Сұлтанын Астана әуежайында қарсы алды • Астанада «Ұстаз айтса» диалог алаңы өтті •

    «Қазақфильмнің» бұрынғы президентінің қылмысы ашылды

    Антикоррупциялық қызмет Мемлекет басшысының заңсыз сатып алынған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бұрынғы президентінің қылмыстық әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

    «2017 жылы Алматы облысының Іле өзен жағасындағы «Көшпенді» киножобасы аясында салынған жасанды «Түркістан» бекінісі Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы басшылығымен үлестес коммерциялық ұйымның нарықтық құнынан 44 есе төмен бағамен сатылған», — делінген Антикор хабарламасында.

    Қазіргі уақытта осы активті және жер учаскесін мемлекетке қайтару бойынша шаралар қабылдануда.

    «Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», — деді ведомство өкілдері.

    ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →