Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    QazaqGaz басшысы Ресеймен ынтымақтастық туралы: «Қазақстанда өз газымыз жеткілікті»

    QazaqGaz басқарма басшысы Санжар Жаркешов Ресеймен ынтымақтастық туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

    Жуырда вице-премьер Роман Скляр Қазақстан мен Ресей газ экспортына қатысты келісімге 15 жылға қол қоюға ниетті екенін айтқан. QazaqGaz басшысы аталған келісім жайлы түсініктеме берді.

     

    «Бұл газ саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, Солтүстік-Шығысты газдандыру мәселелері. Сондай-ақ Өзбекстанға одан әрі транзит мәселесі. Басқа елдерге газ транзиті мәселесі әлі талқыланып жатқан жоқ. Өзбекстанға транзит және Солтүстік-Шығысты газдандыру бізге жүктелген . Сомасы әлі белгісіз. Солтүстік – Шығыс-газ құбырын салу керек. Газ құбырына салынатын инвестицияға байланысты газдың бағасы анықталады. Қазіргі уақытта біз ештеңе импорттамаймыз, Қазақстанда өз газымыз жеткілікті», — деді Жаркешов.

     

    Айта кетейік, бүгін Ресей басшысы Владимир Путин ресми сапармен Астанаға келді.

    Ақорданың хабарлауынша, Ресей басшысын елімізге Қасым-Жомарт Тоқаев шақырған. Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады.

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →