Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Каспий итбалығының қорғауға арналған табиғи резерват құрылады

    Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев елімізде балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру туралы айтты.

    Ведомство басшысы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саланы дамыту бойынша берген тапсырмаларын орындау бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар етті.

    Соның бірі – Каспий итбалығының популяциясын сақтау. Бұл ретте министр Маңғыстау облысында мемлекеттік табиғи резерват құруды жеделдетуге қатысты 2023 жылғы сәуірде жаратылыстану-ғылыми негіздеме бекітілгенін жеткізді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта техника-экономикалық негіздеме дайындалып жатыр.

    Резерват 2024 жылғы маусымда құрылады.

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →