Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 30 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Венадағы музейден 600 бриллиантты алқа ұрланды Талғарда 8 жасар қызға қатысты жыныстық сипаттағы әрекет жасамақ болған ер адам ұсталды Еркебұлан Тоқтар гонорарын жариялады: бір жекпе-жек 40-50 млн теңге Ақмола облысында ер адам қозғалып бара жатқан вагонның астына түсті «Миссия орындалды»: Динара Сәтжан көптен күткен қуанышымен бөлісті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді Венадағы музейден 600 бриллиантты алқа ұрланды Талғарда 8 жасар қызға қатысты жыныстық сипаттағы әрекет жасамақ болған ер адам ұсталды Еркебұлан Тоқтар гонорарын жариялады: бір жекпе-жек 40-50 млн теңге Ақмола облысында ер адам қозғалып бара жатқан вагонның астына түсті «Миссия орындалды»: Динара Сәтжан көптен күткен қуанышымен бөлісті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді

    Тоқаев әнші Димаш Құдайбергенге тазының күшігін сыйлады

    ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергенге тазының күшігін сыйлады, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.  Әнші бұл жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, күшікке Ғарышкер деп ат қойғанын айтты.

    «Достар, танысып қойыңыздар, бұл — менің жаңа досым. Табиғаттың бұл ғажабын, яғни тазы күшігін маған Қасым-Жомарт Кемелұлы сыйлады. Тазы — біздің ұлтымыз үшін құндылық, бабадан қалған жеті қазынаның бірі. Қазіргі күні Қазақстанда тазыны сақтап қалуға және халықаралық дәрежеде мойындауға баса көңіл бөлініп жатқаны қуантады. Себебі бұл қазақы тұқым тән сұлулығымен, ұстамдылығымен ерекшеленеді және менің байқауымша, өте ақылды келеді», — деп жазды Димаш өз парақшасында.

    Ол ата-бабамыздың тазыны қастерлеп, жақсы көргенін атап өтті.

    «Бұл ит киіз үйге еркін кіре алған, бұл оның тазалығын білдіреді. «Тазы» атауы парсы тілінен енген, мағынасы — шапшаң, епті. Осындай баға жетпес сыйлық үшін Президентімізге алғыс айтамын! Тазыны Ғарышкер деп атадық», — деп жазады әнші

    Еске салсақ, жақында әншіге «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы берілген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →