Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Қостанай облысында тағы бір отбасы газдан уланып қайтыс болды

    Қостанай облысында ерлі-зайыптылар газдан уланып қайтыс болды.

    Alau.kz хабарлауынша, қайғылы оқиға Май ауданының Бейімбет Майлин атындағы ауылында болды.

    «Қайғылы жағдай табиғи газдан уланудан болған. Жеке үйден ер мен әйел өлі табылды. Оған сұйылтылған газ пешінің ашық қалуы себеп болған», – деді Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қайрат Қасым.

    Естеріңізге сала кетейік, 27 қазанда Шымкентте бір отбасы газдан уланып қайтыс болды. Ынтымақ ықшамауданында бір отбасының 5 мүшесі: 39 жастағы отағасы мен әйелі, үш баласы улы газдан қайтыс болды. Балалардың екеуі 15, 16 жастағы қыз және 11 жастағы ұл.

    Сондай-ақ 30 қазанда Қостанай облысының Лесное ауылында бір отбасының үш адамы ыстан уланып, көз жұмған болатын. 1975 жылы туған үй иесі ауруханаға жеткізілді. Қайғылы жағдайға пештегі сыланбаған сызаттар мен шойын тақтадағы жарықтардан улы иіс тарауы себеп болған.

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →