Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Маңғыстау облысында шенеуніктер мектептен негзсіз жалақы алып отырған

    Маңғыстау облысында шенеуніктер мектептен негзсіз жалақы алып отырған. Антикордың Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мәлметінше, кеше білім беру ұйымдарының қызметіндегі құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша кеңейтілген жиналыс өткен.

    Жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Ш. Шаменов, өңірдегі құқық қорғау органдарының басшылары, облыс және қала әкімі, білім мекемелерінің басшылары мен жауапты тұлғалары қатысты. Оларға «Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу» тақырыбында баяндама жеткізіліп, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыртқы талдау нәтижелері баяндалды.

    Мысалы, мониторинг қорытындысы бойынша мұғалімдердің 7 жалған диплом қолдану фактісі анықталып, кейін олардың барлығы қызметтерінен шығарылды.

    «Сыртқы талдау қорытындысы бойынша облыстық білім басқармасының бас маманы А. Кульбаева, Мұнайшы ауылы №7 орта мектебінің директоры А. Мухашева, Қарақия аудандық білім үйлестіру орталығының директоры А. Досжановалардың Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің кешкі (ауысымды) мектебінен негізсіз жалақы алғаны анықталды. Аталған тұлғаларға тиісті тәртіптік шаралар қолданылды», – делінген Антикор хабарламасында.

    Департамент тарапынан бюджеттік өтінімдерді қалыптастыруды толығымен электрондық форматқа ауыстыру, ведомстволық бағынысты ұйымдарды тексеру және қаржылық бақылау туралы құрылымдық бөлімше құру, сонымен бірге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әр мекемеде қабылдау туралы ұсыныс берілді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →