Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды

    Риддер ЖЭО-ның бұрынғы иелері мемлекетке 5,5 млрд теңге төлейді

    Риддер ЖЭО-ның бұрынғы меншік иелері 5,5 млрд теңгеден астам борышын, оның ішінде жалақы және салық міндеттемелері бойынша қарыздарын төледі, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.

    Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, осылайша, жылу энергиясын өндіру станциясы қарызсыз мемлекет меншігіне өтеусіз негізде қайтарылды.

    Естеріңізге сала кетейік, Риддер ЖЭО-ның бұрынғы лауазымды тұлғалары жөндеу жұмыстарына арналған қаражатты ұрлаған, нәтижесінде қала тұрғындары жылу энергиясын беру кезінде станция бірнеше рет істен шыққан.

    Жылу электр орталығының бұрынғы басшыларына қатысты мемлекетке аса ірі мөлшерде, 4,1 млрд теңге сомасында залал келтірді деген күдікпен, алаяқтық фактісі бойынша тергеу жүргізілуде.

    Бұдан бұрын ШҚО прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесі Риддер ЖЭО-ның техникалық жай-күйі көңіл көншітпейтінін көрсеткен. Жылу электр орталығының басшылығына 11 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

    Өткен жылдың соңында жылыту маусымы басталғалы Риддер жылу электр орталығы температура режимін 133 рет бұзған.

    Бұдан бұрын Риддер қаласындағы ЖЭО-ны әкімдіктің коммуналдық меншігіне беру туралы шешім қабылданғаны хабарланған.

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →