Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    «Қазавтожол» жүргізушілердің 40 млн теңгеге жуық қаржысын қайтарады

    Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, жедел жол қызметтерін тұтынушылар көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін ауыстырған жағдайда пайдаланылмаған төлемдерді қайтара алатын тармақ болмаған.

    Бүгінгі таңда, тиісті түзетулер енгізіліп, ақпарат беру мақсатында «Қазавтожол» АҚ-ның ресми сайттарында орналастырылды.

     

    «Жалпы, прокуратураның талдауы Қарағанды облысы бойынша 69 мың автокөлік жүргізушісіне 38 млн теңгеден астам сомаға аванстық төлемдер қайтарылмағанын көрсетті.  Прокуратураның араласуынан кейін ғана тұтынушылардың мүліктік құқықтарын қалпына келтіру жұмыстары басталды. Сондай-ақ Ұлттық оператордың мүдделерін қорғау өте әлсіз жүргізілгені анықталды, себебі осы қызметтерді 138 мың тұтынушының 3 жыл ішінде жалпы сомасы 50 млн теңгеге берешегі жинақталғаны белгілі болды», — делінген хабарламада.

     

    Көбінесе мұндай адамдарға қатысты материалдар ақылы автомобиль жолдарымен жүргені үшін уақтылы төленбеу белгілері бойынша оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында көліктік бақылау инспекциясына жолданбаған.

    Прокуратураның актісі бойынша «Қазавтожол»АҚ филиалының басшылары жол ақысын төлемеген автокөлік жүргізушілеріне қатысты әкімшілік ықпал ету шараларынан алшақтатқаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Аталған жұмыс еліміздің барлық өңірлерінде жүргізілетін болады.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →