Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Азиада жеңімпазы Тоқаевты тойына шақырды

    XIX жазғы Азия ойындарының стенд атудан екі дүркін жеңімпазы және қола жүлдегері Әсем Орынбай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты тойына шақырды. Бұл туралы Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    Әсем Орынбай президенттің Азиада жүлдегерлерімен кездесуінде сөз сөйлеп, Азия ойындарында бәсекелестік өте жоғары болғанын атап өтті.

    «Біз қалайда жеңіске жетуіміз керек деп өзімізге мақсат қойдық. Бүгін сол мақсатымызға жетіп отырмыз. Бұл жолда бізбен бірге жаттықтырушылар және спорт саласындағы мамандар тер төкті. Дайындыққа федерация да көп үлес қосты. Сондықтан, бұл біздің ортақ жеңісіміз деп білемін», — дейді Әсем Орынбай.

    Спортшы Азия ойындарында жеңіске жетуіне үлес қосқан жандарға алғысын айтып, Олимпиада ойындарында жақсы нәтиже көрсетуге уәде берді.

    Бұдан кейін Әсем Орынбай президентті қараша айында өтетін тойына шақырды.

    «Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы мен осы спорттың арқасында өзімнің болашақ жарымды кездестірдім. Ол да спортшы. Осы қараша айында тойымыз болады. Сізді тойымыздың қадірлі қонағы болуға шақырамыз», — дейді спортшы ару.

    Еске сала кетейік, жазғы Азия ойындарында ел қоржынына алғашқы алтынды стенд атудан Әсем Орынбай бастаған Қазақстан әйелдер құрамасы салды. Сондай-ақ Әсем Орынбай жекелей сында Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →