Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Астанада сауда үйінің маңынан қыздың мәйіті табылды

    Елордада Astana Mall сауда үйінің маңында бос жерден қыздың мәйіті табылды. Астана полиция департаменті өкілдері бұл ақпаратты растады, — деп хабарлайды Massaget.kz.

    Астана полиция департаменті өкілдері елордада қылмыстық ахуал тұрақты екенін айтты. Қоғамдық тәртіпті сақтау және заңсыз әрекеттердің алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері тәулік бойы кезекшілікте.

    «Бос алқаптан зорлық-зомбылық белгілері жоқ мәйіт табылған соң елордалық полиция соталды тергеуді бастады. Тергеу-жедел шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды», — деп жауап берді полицейлер. 

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →