Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 18 қараша 2026 $ 444,1↓€ 488,9↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Андреева Рыбакинамен бірінші ракетка атағы үшін күрестен бас тартты • Қанат Құлмағамбетов Исраил Сүлейменовпен жекпе-жек өткізеді • Мәдина Сәдуақасова түнгі Шымкенттегі жаңа образын көрсетті • Азамат Сатыбалды мен Назгүл Қарабалина отбасылық өмірінің қиындықтарын еске алды • СПОРТТЫҚ АЛМАТЫ: ҚОЛЖЕТІМДІ ЖАТТЫҒУЛАР, ЖАҢА НЫСАНДАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІСТЕР • Нұрлыбек Нәлібаев туризм мен спортты дамыту жөніндегі кеңес өткізді • Андреева Рыбакинамен бірінші ракетка атағы үшін күрестен бас тартты • Қанат Құлмағамбетов Исраил Сүлейменовпен жекпе-жек өткізеді • Мәдина Сәдуақасова түнгі Шымкенттегі жаңа образын көрсетті • Азамат Сатыбалды мен Назгүл Қарабалина отбасылық өмірінің қиындықтарын еске алды • СПОРТТЫҚ АЛМАТЫ: ҚОЛЖЕТІМДІ ЖАТТЫҒУЛАР, ЖАҢА НЫСАНДАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІСТЕР • Нұрлыбек Нәлібаев туризм мен спортты дамыту жөніндегі кеңес өткізді •

    Сотталып кеткен экс-банкир Жомарт Ертаев тағы бір қылмыстық іске тартылды

    Bank RBK-ның түрмеде отырған бұрынғы басшысы Жомарт Ертаев жаңа қылмыстық іске тартылды. Онда ол «қорғауға құқығы бар куә» құқықтық мәртебесін алды, деп хабарлайды  Azattyq Ruhy -қа сілтеме жасаған Qazaq.today ақпараттық порталы.

    Бұқаралық ақпарат құралдарында бүгін, яғни 17 маусымда пайда болған ақпараттың нақтылығын Алматы прокуратурасы баспасөз қызметінің өкілі Forbes.kz порталына растаған.

    «Жаңа іс Bank RBK өкілдерінің құқық қорғау органдарына жүгінуіне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабына («Бөтеннің сеніп тапсырылған ірі көлемдегі мүлкін иемденіп алу немесе жымқыру») сәйкес қозғалған. Тергеуді Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу бөлімінің қызметкерлері жүргізіп жатыр. Олар қандай да бір күдік тағылмауы себепті қорғауға құқығы бар куәгер ретінде тартылған Жомарт Ертаевтың қатысуымен осы іс бойынша тиісті тергеу әрекеттерін жүргізеді», — делінген ақпаратта.

    Құқық қорғау органдарында атап өткендей, «қылмыстық істің өзге мәліметтері жария етілмейді».

    Тақырыпқа орай: Экс-банкир Жомарт Ертаевтың жазасы жеңілдетілді

    Еске салайық, экс-банкир Жомарт Ертаев 2020 жылы қарашада Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқырды деген айыппен сотталған болатын. Сол кезде оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу мерзімі тағайындалған еді. 2021 жылдың наурыз айында Ертаев Bank RBK, Eurasian Bank және Qazaq Banki банктерінен несие ақшасын жымқырғаны үшін тағы бір қылмыстық іс бойынша сотталды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →