Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • «Басына оқ атқан» — Астанада Ұлттық ұлан сарбазы көз жұмды

    9 қарашада ҚР Ұлттық ұланы 6636 әскери бөлімінің сарбазы мерт болды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

    “2023 жылы 9 қазанда сағат 01.20 шамасында Теміртау қаласынан шақырылған 6636 әскери бөлімінің сарбазы кезекші бөлімшенің құрамындағы қызметі кезінде штаттық қарудан өз басына оқ атып, көз жұмды”, – делінген ресми хабарламада.

     

    Оқиғаның себептері анықталуда. Қызметтік тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланды.

    ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді.

    Айта кетейік, бұдан бұрын Ұлттық ұлан офицерлері Жамбыл облысында «Айша бибі» полигонындағы оқу-жаттығу кезінде жарақат алған. Қауіпсіздікті бұзу салдарынан үш офицердің аяғы жараланды. Әскери қызметшілер Тараз қаласындағы медициналық мекемеге жеткізілгені хабарланды.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →